Қашағандағы
коммерциялық мұнай өндірсі 2017 жылсыз басталмайды. Бұл туралы Атырауда
іссапармен жүрген Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
Владимир
Школьник, ҚР Энергетика министрі:
Қашағанда
2013 жылы орын алған техникалық келеңсіздіктерді түзеу бойынша жұмыстар жүріп
жатыр. Бекітілген құжаттарға сәйкес, 2016 жылғы желтоқсанда бітіруді жоспарлап
отырмыз. Содан кейін ғана Қашағанда коммерциялық мұнай өндіру басталады.
Айта
кетейік, Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде
басталған болатын. Алайда, сол жылы 24 қыркүйекте Д аралынан «Болашақ» зауытына
тартылған құбырда газ көлемінің кемуі анықталып, кен орнын пайдалану жұмыстары
уақытша тоқтатылды. Содан бері коммерциялық мұнайды игеру мерзімі бірнеше рет
кейінге шегерілді. Еліміздің бас энергетигі сондай-ақ Теңіз кенішіндегі Болашақ
кеңейту жобасының құнын төмендеуге қарай оңтайландыру жұмыстарының жыл аяғына
дейін аяқталатынын айтты.