«Арселор Миттал
Теміртау» прокурорлардың өкімін орындаудан бас тартты.
Металлургтер мен шахтерлардың жалақысы ақыры қысқаратын болды. Бұл туралы бүгін
компания бас директоры Виджай Махадеван мәлімдеді.
Виджай
Махадеван, «Арселор
Миттал Теміртау» АҚ бас директоры:
Жұмыскерлерге
айлықтың 75 пайызын төлеу туралы бұйрық күшін жоймайды. Металлургтер қалған 25
пайызын жағдай жақсарып, қолма-қол ақша түскенде алады. Бұл жөнінде олар
хабардар. Өйткені қазір дайын ақша жоқ. Бұл әрекетіміз,
әрине, өзімізге де ұнамайды. Бірақ мәжбүрміз.
Компания
жетекшісінің айтуынша, күрделі
геосаяси ахуал, Ресейде мұнай мен металл құнының төмендеуі «Арселор
Миттал Теміртауды» «дағдарысқа
ұшыратып отыр».
Сөзінше, Қазақстанда өндірілген тауар Ресей өнімімен салыстырғанда едәуір
қымбат. Тұтынушылардың қызығушылығы төмендеген. Сондықтан компания үкіметтен
қосымша құн салығы ретінде бұған дейін төленген 12 миллиард теңгені кері
қайтаруды сұрап отыр. «Қазір кәсіпорында тауарды бәсекеге қабілетті қылу үшін,
«агрессивті» бағдарлама қабылданды. Өнім көлемін сақтап, өндіріс шығыны
азайтылуда», - дейді метталлургиялық алып компания басшысы. Оның
ойынша, қалыптасқан жағдай сәуірге дейін жалғасады. «Арселор
Миттал Теміртаудың» бұл әрекетін заңсыз деп таныған
прокурорлық өкімді компанияның құқықтық бөлімі қарап жатыр. Бүгінгі
мәлімдемеден кейін, Қарағанды облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау
департаменті мен кәсіподақтар қоғамы еңбек дауын шешу мақсатында «Арселор
Миттал Теміртау» компаниясын сотқа бермек.
Құттымұрат
Әділкереев, металлург:
Бесінде
айлық алатынбыз. Кешіктіріп жатыр. Айлыққа сеніп несие алғандар бар. Қазір
елден қарыз сұрап жүгіріп жүр. Екі -үш айға созылса,
қиын.
Айжан ҚУАШ