$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Еуропалықтар Американың Украина шиеленісін шешу тәсіліне қанағаттанбай отыр

AstanaTV
06.02.2015ж. 20:00
1149
Еуропалықтар Американың Украина шиеленісін шешу тәсіліне қанағаттанбай отыр

Осы сәттерде Мәскеуде Ресей, Франция және Германия лидерлерінің Украина шиеленісі бойынша келіссөзі басталуы тиіс. Күні кеше Киевте болған Франсуа Олланд пен Ангела Меркель Америка Құрама Штаттарының Украина шиеленісін шешу тәсілдеріне көңілі толмай, Мәскеуге барып, Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу жөнінде шешім қабылдаған-ды. 

«Іссапардың басты мақсаты - еуропалықтарға Украинаны қарумен жабдықтап, мәселені шешу жолын ұсынып отырған АҚШ-тың алдын орау», - деп жазады «Нувель обсерватер» француз басылымы. Кеше Киевте Петр Порошенко, Ангела Меркель және Франсуа Олланд Минск келісімінің орындалуын талқылап, атысты тоқтатып, ауыр әскери техника мен шет елдік әскерді елден шығару қажет деген шешімге келді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ