Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Н.Назарбаев 11 ақпанда өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады

AstanaTV
09.02.2015ж. 13:00
1091
Н.Назарбаев 11 ақпанда өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады

Қазақстандағы қазіргі экономикалық ахуал сәрсенбіде, Президенттің қатысуымен өтетін Үкімет отырысында талқыланбақ.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. «11 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады, деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады, делінген ресми хабарламада.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ