$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бүгінгі қазақ тойларының берекесі кеткен бе?

AstanaTV
09.02.2015ж. 20:00
2944
Бүгінгі қазақ тойларының берекесі кеткен бе?

Тойдың да естісі бар, есері бар. Бүгінгі қазақ тойларының берекесі кеткен бе? Соңғы кезде ғаламторда той үстінде жалаңаштанып, бассыздыққа беріліп жатқан бейнероликтер қаптап кетті. Асабалар жұртты күлкіге қарқ қылуы үшін, небір әдепсіз әдістер қолдануда. Ал «қазақи» той иелері дәстүрлі әншілердің орнын батыстың өнерпаздарымен алмастыруды сәнге айналдырған. Қазақтың болмысына жат іс-әрекеттер, тойдағы ысырапшылдық мәселелері бүгін «Кеш емес» хабарының студиясында талқыланады.

Қалқаман Сарин, «Кеш емес» бағдарламасының жүргізушісі:

Менің ойымша, қазақтың дәстүрлі өнерін тойға шақырып қорлау бір жағынан. Мүмкін, дәстүрлі әншілер саналы түрде бас тартуы керек шығар?!

Айгүл ЕЛШІБАЕВА, дәстүрлі әнші:

Кейде бізге «ой домбырамен айтады да кетеді» дегендей, асабалардың өзі дәстүрлі әнге жанашырлықпен қарамайды. Ой ақшасын алдың ба, айттың ба, кеттің дегендей.

«Той туралы ой» бүгін, сағат 23:00-де. Өткізіп алмаңыздар. «Астана» арнасы қосулы болсын.

Жұрағат БАМАН