$488.26 €530.54 ₽5.03
×

S&P агенттігі мұнай бағасының түсуіне байланысты Қазақстан рейтінгін төмендетіп тастады

AstanaTV
10.02.2015ж. 13:00
888
S&P агенттігі мұнай бағасының түсуіне байланысты Қазақстан рейтінгін төмендетіп тастады

Халықаралық S&P рейтингтік агенттігі Бахрейн, Оман және Қазақстанның несиелік рейтингтерін төмендетіп тастады. Оған мұнай бағасының күрт құлдырап кетуі себеп болған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабар таратуда.

Қазақстанның рейтингі біршама төмендетілгенмен қоймай, алдағы уақытқа жасалған болжамдар да аса жағымды емес. Тізімдегі басқа елдерге қатысты жорамалдар осы шамалас.

Сондай-ақ, агенттіктің Сауд Арабиясының несиелік рейтингіне жасаған болжамдары да көңіл көншітпейді. Ұйым сарапшылары бұл болжамның ұзақ мерзімге екенін айтып өткен.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА