Ресей
Венесуэланың күйін кешуі мүмкін. Бірқатар сарапшылар әлеуметтік сауалнама
нәтижесінде осындай тұжырымға келді. Бұл жөнінде ВЕДОМОСТИ жазады.
Сарапшылардың пікірінше, "ресейліктердің басым бөлігі Украинамен
шиеленісті реттеу - экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге көмектеседі
деген ойда".
Сыртқы саясаттағы шиеленіс қоғамның оқшауланып кетуіне
апарады. «Мұндай тұйық шеңбер ондаған
жылдарға созылуы мүмкін»,- дейді әлеуметтік сауалнама жүргізуге қатысқан
сарапшылардың бірі Михаил Дмитриев. Демек, көрші елмен шиеленісті реттеу оң
нәтиже береді деген сенімде.
Ал жуырда
Ресей еңбек министрлігі жариялаған
мәліметтерге қарасақ, елде жұмыссыздар саны артуда. Мұндай көрсеткіш Ресейге
кіретін 76 субъектіде байқалған. Әсіресе, Сахалин, Магадан, Астрахань мен
Бурятияда жұмыссыздар саны көбейген.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ