$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Бүгіннен бастап ақша айырбастау орындарында жаңа ереже күшіне енді

AstanaTV
11.02.2015ж. 10:00
1550
Бүгіннен бастап ақша айырбастау орындарында жаңа ереже күшіне енді

Бүгіннен бастап ақша айырбас орындары үшін жаңа ережелер күшіне енді. Ұлттық банктің қаулысына сәйкес ақша айырбастау орындарында шетел валютасын саудалау кезінде оны сатып алу және сату айырмашылығы шектеледі.

АҚШ долларын саудалау кезінде бұл айырмашылық 2 теңгеден аспау керек. Еуроны саудалайтын айырбастау пунктері оны сатып алу және сату бағасының айырмашылығын 3 теңгеден асырмау тиіс.

Бұл шара қаржылық жүйені реттеудің басымдығы саналады. Ол ұлттық валютамыздың ел экономикасындағы ролін арттыруға бағытталған.

Осылайша, Ұлттық банктегілер шетел валюталарының бағамына тәуелділіктен арылуға мүмкіндік туады, деп санайды. Айтып өтейік, қазір АҚШ долларының ресми бағамы 185 теңге 5 тиын, ал еуро 209 теңге 38 тиынды құрайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ