$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Норманд төрттігінің кездесуі өтеді

AstanaTV
11.02.2015ж. 10:00
1199
Норманд төрттігінің кездесуі өтеді

Украина мәселесі бүгін Минскіде өтуі жоспарланған «нормандтық төрттік» кездесуінде талқыланады деп күтілуде. Ресей, Франция, Германия және Украина лидерлерінен бөлек жиынға Донецк және Луганск өңірлерінен делегациялар қатысады деп күтілуде.

Телефон арқылы келіссөздер жүргізген Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд және Петр Порошенко кездесуді осы форматта өткізу туралы уағдаласқан. Минск саммитінің басты мақсаты- шығыс Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу.

Айта өтейік, төрт елдің жетекшілері өткен айдың 15-інде Астанада кездесулері керек еді. Алайда сәті түспеді. Бүгінге жоспарланған кездесуге Германия мен Франция тараптары ұйытқы болды. Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де осы екі елдің позициясын толық қолдайтынын жеткізді.

Т. ОСПАНБАЕВА