Бүгіннен
бастап валюта айырбастау орындары үшін жаңа ережелер күшіне енді. Ұлттық
банктің қаулысына сәйкес шетел валютасын сатып алу және сату айырмашылығы
шектеледі.
АҚШ
долларын саудалағанда ол 2 теңгеден аспау керек. Еуроны сатып алу мен сату
бағасының айырмашылығы 3 теңгеден аспауы тиіс. Бұл қаржы жүйесін реттеуден,
ұлттық валютаның ролін арттырудан туындап отыр.
Осылайша,
Ұлттық банк шетел валюталары бағамына тәуелділіктен арылуға мүмкіндік туады деп
санайды.
Самат
ҚАНАҒАТОВ