$540.84 €634.46 ₽6.43
×

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарызы қайтарылатын болды

AstanaTV
11.02.2015ж. 13:00
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарызы қайтарылатын болды

Мемлекет, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарызды қайтаратын болды. Кәсіпорын мемлекеттен қосымша құн салығының бір бөлігін алады. Алғашқы транш 4 миллиард 100 миллион теңге.

Мұны біздің арнамызға Қарағанды облыстық кіріс департаментінің өкілі Ирина Чумакова айтты.
Аталған қаржы салық декларациясымен құжат жүзінде расталған. Компания бұл қаржыны алдағы екі апта ішінде алады.

Еске салайық, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Видж
ей Махадеван бұған дейін мемлекеттің өздеріне 12 миллиард теңге қарыз екенін айтқан-ды. Қалған қаражат та төленеді. Тек ол үшін құжаттық растаулар болуы қажет, деді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ