Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мемлекеттік
хатшы Гүлшара Әбдіхалықова және Президент Әкімшілігінің басшылық құрамын
қабылдады.
Басқосу барысында Үкімет отырысында берілген тапсырламарды орындауды
бақылау жайы талқыланды. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы іс-қимылдарды жан-жақты
түсіндіру және халықты маңызды мәселелер бойынша ақпараттандырудың негізгі
бағыттары қаралды. "Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар
нақты тапсырмалар берді", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жұрағат БАМАН