Көшедегі
билбордтарда жазулар қатеге тұнып тұр. Мемлекеттік тілді менсінбегендерді билік
өкілдері де жазалауға қауқарсыз. Кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялануы - Алматыдағы тілдерді дамыту басқармасы мамандарына қол байлау. Мынау алып
шаһардың қақ ортасында орналасқан бас көшелердің бірі. Осы даңғылмен жүретін
мыңдаған қала тұрғындары «мемлекеттік тілді» мазақ қылған жарнаманы күнде
көруге мәжбүр.
Басқарманың мәліметінше, мемлекеттік тілге қатысты 2014 жылы 2
мыңдай заң бұзушылық тіркелген. Ал жыл басынан бері қазақ тілін келемеждеген
500-ден аса жарнама табылды. Осындай жарымжан жарнамаларды жариялайтын
агенттіктерді жергілікті билік жазалай алмай отыр.
Өтепберген Қалабай, Алматы
қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бөлім
басшысы:
Қазіргі таңда әкімдіктің
тарапынан шағын кәсіпкерлерге мораторий жариялауына байланысты тексеру
жұмыстарын жүргізе алмаймыз, себебі мораторий әлі алынған жоқ. Өрескел қателер
көрініп білініп жатса, біз әдістемелік көмек ретінде оларға түсіндіріп айтамыз. Жазалау бүгінгі таңда шектеу қойылуына байланысты уақытша тоқтатылып тұр.
Берік
ХАСЕНОВ