Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

AstanaTV
11.02.2015ж. 20:00
1068
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Төл теңге құнының күрт құбылуына жол берілмейді. Бүгін Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың көңілін күпті еткен басты сауалға нүкте қойылды. Бүгінгі жиынның күн тәртібінде көпті мазалаған өзге де өзекті мәселелер жетерлік. Отандық тауар өндірушілерді арзан ресейлік тауар ағынынан қорғау, бюджетті ықшамдау, экономикалық-әлеуметтік дамудың тежелуіне жол бермеу, жалпы Мемлекет басшысының үкіметке жүктеген атқарар істері мен тындырар тапсырмаларын Азамат Алдоңғаров тыңдап қайтты.

Бизнес ортаның, мемлекеттік, қаржы саласы қызметкерлерінің, журналист қауымның соңғы бір апта ішінде басы қосылғанда талқылаған тақырыбы - өтетіні хабарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Жиынға осыншама көңіл бөлуінің бірнеше себебі бар. Көршілес Ресейдің ұлттық валютасының құнсыздануына байланысты, елімізге жаппай ағылған арзан тауарлардан отандық кәсіпкерлерді қорғау қажеттігі туындады. Және отырыстың бүгін, теңге девальвацияға ұшыраған «қара сейсенбіден» араға жыл салып, дәл 11 ақпанда, теңге үшін «тарихи» күнде өтуі, девальвацияға қатысты негізді-негізсіз болжамдарды көбейткені рас. Бірақ Мемлекет басшысы көп сөздің нүктесін қойды. Теңге тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс Ұлттық банкке ұлттық компаниялардың қол созуын сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Холдинг пен ұлттық компаниялардың теңге құнын өз қаражаты есебінен қолдауын сұраймын. Әрине, күрделі мәселелер бар, бірақ теңге бүгін қолдауға мұқтаж. Мен не жайында өтініп отырғанымды түсінемін, Қазақстан сіздердің мүдделеріңізді де ескере отырып, ұлттық валютаның құлдырауына жол бермеуге тырысады. Қазір бұл қажетті қадам.  

Әлемдік нарықта  елдің басты экспорттық тауарларының құнсыздануы мемлекетті жаппай үнемдеу шараларын қабылдауға міндеттеп отыр. Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік шығындарға тиіспей, республикалық бюджетті ықшамдауды тапсырып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Үкіметке Республикалық бюджеттің 2015 жылғы шығындарын 700 миллиард теңгеге немесе 10 пайызға қысқартуды тапсырамын. Алайда мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттерінің бір теңгесіне де тиісуге болмайды.

Үнемделген 700 миллиардтан қиын-қыстау күнде қорек болар қор құру қажет. Алдағы бірнеше жылдың оңай болмасын ескерткен Елбасы, бүгінгі жағдайда «Нұрлы жол» даму бағдарламасының жетілдірер тұстары бар екенін, айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В течение года всякое может случаться - и внешние влияния, и внутренние влияния. Какие-то могут возникнуть экстренные ситуации. Для этого я поручил создать резерв Правительства в объеме 250 миллиардов тенге. С учетом вышесказанного поручаю Правительству в месячный срок доработать программу «Нурлы жол» и внести ее на утверждение.

Мемлекет халық алдында мойнына алған әлеуметтік міндеттерін орындайды. Оның айқын дәлелі ретінде, баспанаға кезекте тұрған азаматтар аңсаған шаршы метрлеріне алдағы айда қол жеткізеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Первые 1357 квартир будут предоставлены в марте очередникам в городах Астана, Алматы, Кокшетау, Костанай, Семей. А строительство нового жилья начнется в апреле.

Еуразиялық экономикалық одақ «аузымызға әкеліп сары май салмайды, керісінше, бизнес ортаны бәсекеге қабілетті болуға қолқалайды». «Бүгін отандық өнімдердің арзан ресейлік тауарлармен нарық үшін күресе алмауы - экономикалық одаққа емес, кәсіпкерлерге сын», - дейді Елбасы. Және тұтынушыларды отандық өнім алып, өз экономикамызға кіріс кіргізуге Мемлекет басшысының өзі үндеп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Давайте обратимся ко всем казахстанцам, в этой сложной ситуации быть патриотами и покупать наши казахстанские товары. Косвенно это будет помощь нашей экономике со стороны наших граждан. Сегодня на фоне ослабления российского рубля и нарастающего давления товаров на внутренний казахстанский рынок наносится ущерб нашим отечественным производителям. Это да. Но это ничего общего не имеет с Евразийским экономическим союзом. Это наше стратегическое направление. И с этого мы не сойдем, и с Таможенного союза тоже. Создавая, мы говорили, что жизнь будет вносить коррективы. Вот она вносит. Мировая капиталистическая экономика, частью которой мы являемся, имеет вот такие колебания. Но что ты сделаешь, от нас не зависит. И сейчас такое случилось, и считать, что это вина Евразийского союза и Таможенного союза - это полное дилетантство.

Маңызды мәжілісте той тойлау мәселесі де сөз болды. Мемлекет басшысы бюджет қаражатына сансыз саммит өткізіп, келген қонаққа шапан жабатын жомарттықты тоқтату қажет дейді. Тіпті ЭКСПО халықаралық көрмесі мен Универсиада сынды міндетті шаралардың үнемдер тұстарын қарастыру қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Просмотреть возможность сокращения расходов на крупные наши, и можно еще раз просмотреть и ЕХРО. Может быть есть что-то, что можно без этого провести сейчас в это время. Посмотреть и универсиаду. Посмотреть и другие мероприятия, которые мы собираемся в будущем делать. Все, что может подождать, пусть подождет.

Нақты тапсырмаларды жүктеп, сүйекті мәселелерді жіктеген Елбасы, мемлекет ісін - ағайынның қамымен, бюджетті - өз қалтасымен шатастырған шенділерге деген өкпесімен қорытындылады. Сенген серілердің сын сағатта сүрінуі - сатқындық, - деп түйді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня, к большому моему сожалению и огорчению, должен говорить о том, что акимы областей находятся под следствием именно по этой причине. Ряд руководителей Министерств, ведомств также привлекаются к уголовной ответственности. Огорчение в том, что столько лет готовишь человека на разных должностях, терпишь, лелеешь, выращиваешь и, когда келген кезде, барады дағы өзінен өзі келіп құлайды.

Осылайша, кеңейтілген отырыстан күтпеген шешім күткендердің сенімдері ақталмады. Теңгенің тұрақтылығы қатаң қадағалауда, ал отандық кәсіпкерлер мемлекет назарынан тыс қалмайды. Үкіметтің кей мүшелері таза барған қойын дәптерлерінің ақ парақтарын шимай шатпаққа толтырып, қалың ойға батып қайтса, Мәдениет және спорт министрін Мемлекет басшысы арқасынан қағып, сый тарту етті. Себебі бүгін мәдениетті шенеуніктің туған күні.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ