$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Астана қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіледі

AstanaTV
11.02.2015ж. 20:00
Астана қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіледі

2017 жылға дейін Астана қаласында жаңа темір жол вокзалы жұмыс істейтін болады. Бұл жөнінде өзгеріс енгізілген бас жоспардың таныстырылымы барысында айтылды.

Болат Дәулетов, «Астана қаласының Бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС директорының орынбасары:

ЭКСПО кезінде келетін қонақтарға қолайлы болу үшін, тағы бір вокзал салу керек. Ол «Мыңжылдық аллеясы» жақта орналасады. Біз бұл туралы бас жоспарға қостық.

Жаңа Бас жоспар 2030 жылы Астана халқының саны 1 млн 220 мың адам болады деген жоспарға есептеліп жасалуда. Осы кезеңге дейін үшінші жылу орталығын, жылу энергиясын қалаға жеткізетін ұзындығы 17 шақырымдық қосымша магистральдар салу қаралған. «Ал, ашық электр станцияларын жабық станцияларға айналдырған дұрыс дейді»,- Бас жоспарды жасаушы институт мамандары. Сондай-ақ, 2030-ға дейін 17 нөсерлі кәріз жүйелері жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстардың бәрі де ауқымды құжатқа енгізілген. Бас жоспар - осы жылдың ортасында Үкімет қаулысымен бекітіледі деп күтілуде. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ