Павлодар облысында балалар әткеншегінің айналасындағы дау
сотқа жетті. Екібастұзда осыдан жеті жыл бұрын «Шахтер» саябағына әткеншек
орнатқан жеке кәсіпкер, соңғы екі жылдан бері жергілікті әкімдікпен тәжікелесіп
келеді.
Содан бері әткеншектер де тоқтап тұр. Тараптардың дауынан
саябаққа демалуға келетіндер жапа шегуде. Мына бес әткеншек қала орталығындағы «Шахтер» саябағында
орналасқан.
Кәсіпкер
Олег Войценин: «оларды сатып алуға 80 миллион теңге жұмсадым,- дейді.
«Қайық» деп аталатын аттракционды 2006-шы жылы орнатқан. Бір жылдан соң несие
алып, тағы үшеуін қояды.
Істен шыққан «Автодром» атракционын да 2010 жылы
жөндеп іске қосқан. «Тып-тыныш қызметімнен 2012-ші жылдан бастап береке кетті»,- дейді кәсіпкер. «Біресе жарықты
өшіреді, суды тоқтатады.
Мына «Қайық»
деп аталатын аттракцион 1 мамырдан бастап іске қосылу керек. Бірақ саябақ басшылығы жазғы су құбырын
жүргізіп үлгермей жатыр. Біресе 1 маусымда, біресе 15 мамырда қосамын»,-дейді.
Кәсіпкер, бұл
кедергілер бизнеске қасақана жасалған дейді.
Бұл саябаққа көңілім толмайды. Мұнда ойыншықтар
жаман. Тек мына машиналар ғана ұнайды. Қыста сырғанақ, жазда әткеншек жақсы. Ал
«америкалық
төмпешік»
тіптен ұнамайды.
Әткеншектердің
иесі 2012 жылы «Досуг» орталығынан келісім-шартты бұзу туралы ескерту алған.
Бір емес бірнеше рет. Есесіне жаңа келісім-шарт ұсыныпты. Осы жерде арада
түсінбестік басталған. Нәтижесінде іс сотқа жеткен.
Людмила
Гончарова, «Досуг орталығы» МКҚК директоры:
Аталған мәселеге қатысты ешқандай ақпарат бере алмаймын. Өйткені қазір іс сотта
жатыр. Айтқым келетіні - сотқа жүгінген Олег Федорович Войценин. Басқа ештеңе
айта алмаймын.
Екібастұз әкімі
аппараты жетекшісі:«аталған дауды бейбіт жолмен шешуге тырысып жүргеніміз бірінші
жыл емес»,-дейді. Сот былтыр «Шахтер»
саябағында Олег Войцениннің аттракциондарының тұруы заңсыз деп танып, алып
тастау жөнінде шешім шығарған. Соған қарамастан әкімдік жеке кәсіпкермен жаңа
келісім шартқа отыруға талпыныс жасады. Бірақ тараптар әлі келісімге келе алмай
жүр.
Мариям
Адасбаева, Екібастұз қаласы әкімінің аппарат жетекшісі:
Біз
әткеншектерді алып тастайын деп отырғанымыз жоқ. Бұл жағдайды реттеуге тырысып,
келісім шартың жобасын жіберіп отырмыз. Бірақ осы күнге дейін қол қойған жоқ.
Қол қойды, бірақ өзінің талаптарымен. Оны қарап жатырмыз.
Әкімдіктегілер
Войценинмен арадағы келісім шартта аса қатаң талаптар жоқ,- дейді. Мәселен,
кәсіпкерден жерді мақсатты пайдалануды талап еткен. Оған қоса жалға алған
аумақтан тұрмыстық қалдығын шығару туралы талап бар.
Дегенмен, бұл даулы
мәселеге нүкте ертең өтетін сотта қойылады деген үміт бар.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ