АҚШ және оның одақтастары Сирия мен Иракқа Джихад үшін
аттанған шетелдік экстремистер тобырын ақыры тоқтата алмады,-деп жазады Wall
Street Journal. Басылымның хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» әскерилері мен басқа
да террористік ұйымдар қатарында 20 мың шетелдік бар.
Оның 3 мыңнан астамы батыс елдерінен келген. Мұндай мәліметті АҚШ Конгресінің ұлттық қауіпсіздік
бойынша комитеті жариялап отыр. Сирияға - Башар Асад үкіметіне қарсы соғысу
үшін барғандар қатарында 150-ге жуық АҚШ азаматы болған.
Вашингтон, олардың бір
бөлігі Америкаға оралған соң, террорлық әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін деген
қауіпте. Еске салайық, қазір экстремистермен АҚШ бастаған халықаралық коалиция
күресуде.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА