$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнайдың өзіндік құны, ысырапшылдық пен біліксіздік...

AstanaTV
30.01.2016ж. 20:00
3936
Мұнайдың өзіндік құны, ысырапшылдық пен біліксіздік...

Осы, біздің мұнайдың өзіндік құны неге қымбат? Алдымен мұнайдың өзіндік құны дегенге байланысты : Бұл, мұнай өндіруші компанияның бүкіл шығынының жалпы сомасы. Бірнеше компоненттен тұрады:

· Өндіріске кететін шығындар мен салықтар. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлейтін төлем;

· Барлау мен өңдеуге жұмсалатын шығындар;

· Тасылмалдауға кететін шығын есептелуі мүмкін; 

· Шельфтегі кеніштерден өнім өндірудің қиындықтарына байланысты шығындар.

Мұнайдың әлемдегі өзіндік құны орта есеппен 29 доллар көрінеді: 16 доллардан 53 долларға дейін. Сондай-ақ, өзіндік құнға мынадай шарттар айтарлықтай ықпал етеді:

· Мұнайдың жатқан тереңдігі;

· Климат;

· Кеніштердің теңіз жолдарынан қашықтығы;

· Кеніштердің негізгі тұтынушылардан қашықтығы;

· Қондырғылардың сапасы мен заманға сәйкестігі.

Парсы шығанағы елдерінде мұнайдың өзіндік құнының арзан болуы кеніштер теңіздің жағасында орналасқан. Мұнай тереңде жатқан жоқ және мұнай ірі порттардың қасында өндірілетіндіктен, мұнай құбырларын тартып, оларды күтіп-баптап, қосымша шығын шығарудың қажеті жоқ.

Сатыбай Дүзбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген  мұнайшысы:

Біздің мұнай өздеріңіз білесіздер, 100 жылдық тарихы бар, мұнай кеніштері былай айтқанда, тозығы жетіп, өздерінің өндірістік өмірінің ең жақсы кезеңінен өтіп, мұнайы азайып, оған ол мұнайды өндіру үшін шығатын шығын көбейіп келе жатырған мезгілдеміз. Оған бұрын соңды пайдаланбаған технологиялар, алғы шептегі шетелдік болсын, көршілес елдердің технологиясы болсын, соны ендіріп, іске қосып, сол арқылы мұнай көбейтуді ойластырмаса басқа вариант, басқа жол жоқ. Сондықтан қаражат салмай, мұнай өнімін өсіру немесе оның өзіндік құнын төмен түсіру мүмкін емес.

«ТШО», «Ембімұнайгаз» осы екеуін алып қарасақ, мысалы ТШО-ның 25 млн жылына өндіріп отыр, ал Ембімұнайгаздың өнімі бар болғаны 3 млнның айналасы жылына өндіретін. 3 млн-ға ТШО-дан әлдеқайда көп адам ұстап отыр, шығыны әлдеқайда көп.

Біздің мұнайдың өзіндік құнының қымбат болуының басты себебі – кеніштердің әбден ескіргенінен. Ал жұмысшыларды қысқартқаннан шығын азаймайды – мыңдаған адам нан-суын айырып отыр, әлеуметтік проблеманы қоздырады.

Мақсат Сералы, экономист:

Тығырықтан шығудың бірден жолы – сату емес, ішкі нарықта өңдеу. Химиялық өнім ол, мұнай деген. Солардың бәрін өңдейтін болсақ, дайын өнімдер шығарып, мысалы, жағар майдың 70 пайызын өндіреміз, 30 пайызын Ресейден аламыз, ал қалған каучук жасау, резина жасау бізде мүлдем төмен. 10-15 пайыз. Осы салаларда қазақстандық экономика да дамыр еді, мұнай компаниялары да тек ғана мұнай қазып алып, сату емес, дайын өнім жасауға көңіл бөлуі тиіс. 

Айналып келгенде тұйықталған шеңбер. Ең қиыны - өткен бағдарламада айттық, жүрісті алдын-ала ойластыратындар мен дамыған елдер жарқын мысал, баламалы энергия көздерінің дәуірі қалай басталып кеткенін білмей да қалуымыз мүмкін. Ал біз ешнәрсені сезбейміз – тіпті  біреулер келіп салып берген станцияны қаңыратып тастай саламыз:

 2012 жылы  Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылында күннен энергия алатын станция салынған  болатын. Құрылғы үш жылдан кейін істен шығып, қазір мүлде қараусыз қалған.

Ол гелиостанция салынғанға дейін Сарыбұлақ тұрғындары 20 жыл электр жарығынсыз тіршілік еткен. Бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Корея кәсіпкерлері кент тұрғындарына сый жасап, күннен қуат өндіретін станция құрылысы мен оны іске қосуға 600 мың доллар бөлген. Олар тіпті ауылдың екі тұрғынын станцияда жұмыс істеудің қыр-сырын да үйретіп кеткен. Бірақ ешкім жалақы төлемеген соң екеуі «құрметті» қызметтен көп ұзамай бас тартқан. Сөйтіп қараусыз қалған станция істен шыққан.

Рахым Ходжиев, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны:

Станцияны мемлекет қарауына алып, жұмыс істетуі керек ғой. Балансына алып дегендей. Салғызған кезде не ойлаған? Кім ойланды, не ойлады? Жұмыс істемейтін болса, не үшін орнатқызды?

Мұнда тұратын шала сауатты жұрттың қолынан мал бағу ғана келеді. Әлгі станцияның жұмысын жүргізуді үйренген жігіттер екі жыл тегін жұмыс істеді, бірақ күнкөріс қамымен қалаға кетіп қалды, - деген, Сарыбұлақ тұрғыны Рахым Ходжиев.

 «Экспо-2017»  көрмесін өткізейін деп отырған біздің болмысты ашатын бір деталь...