$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оралда полициямен дауласқан жүргізушілер сотта жеңіліп қалды

AstanaTV
12.02.2015ж. 20:00
969
Оралда полициямен дауласқан жүргізушілер сотта жеңіліп қалды

Жол сақшыларымен дауласқан оралдық жүргізушілер сотта жеңіліп қалды. Олар "полиция  жүргізушілік куәлігімізден заңсыз айырды" деп сотқа шағымданған еді. Ондаған жүргізушінің жаяу қалуына жол бойындағы апат себеп болған.

2014 жылғы 3 қазанда Оралдағы Еуразия даңғылы мен Құрманғазы көшесі қиылысында екі көлік соқтығысады. Ал өзге көліктер жолдың қарсы беті арқылы оларды айналып өткен. Заңды алға тартқан жол сақшылары апатты айналып өткендердің барлығын ереже бұзды деп айыптады. Мұнымен келіспеген жүргізушілер прокуратураға шағым түсіріп,  сотқа да жүгінген. Дәл сол күні жолдың қарсы бетіне шығып, құжатынан айрылғандардың қатары жүздеп саналады. Бірақ олардың көбі полициямен таласудың бос әуре екенін айтып, арызданудан бас тартқан. 

Төреғали Ташпақов, адвокат:

Жол апаты болған кезде жедел әрекет етпеген полицейлердің салғырттығын ІІД басшысы да мойындады. 2 рет қызметтік тексеру жүргізіліп, кінәлі полицейлер жазаланған. Дегенмен, жүргізушілер заңды бұзған жоқ деп есептейміз. Олар қолданыстағы заңға сай, жолдағы кедергіні ешкімге қауіп туғызбай айналып өтті. Сондықтан әрі қарай да арызданатын боламыз.  

Еркін КАРИН