$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Ресей тұрғын үй ипотекалық агенттігі» төрт банктен қаражатын кері қайтармақ

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1189
«Ресей тұрғын үй ипотекалық агенттігі»  төрт банктен қаражатын  кері қайтармақ

«Ресей тұрғын үй ипотекалық агенттігі» бірқатар банктерден  қаржысын мерзімінен бұрын кері қайтаруды талап етуде. Бұл жайында «Коммерсант» басылымы хабарлайды. Талап қаржылық көрсеткіштері төмендеп кеткен төрт мекемеге қатысты. Мемлекеттік корпорация бұл банктерге сенімсіздік танытып отыр. Банктердің нақты атаулары көрсетілмеген. Белгілісі, екеуі активтер қоры бойынша алғашқы үздіктер қатарында, қалған екеуі 250 үздік банк тізіміне іліккендер. Олар бірінші тоқсан қортындысы бойынша шығынға батса керек.

Сондықтан Агенттік бұлардан 3 миллиард рублді қайтармақ ниетте. Бұрын соңды тұрғын үй ипотекалық агенттіктің  қаражатты кері қайтару дерегі тіркелмеген. Тек қарыз алушыға талаптарын сәл қатаңдатқан болатын. Еске салсақ, агенттік  100 пайыз мемлекеттік капиталмен коммерциялық ұйым негізінде 1997 жылы құрылды. Негізгі міндеті тұрғындарды екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несие алуға ынталандыру. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА