×

Апат болған мигринттарды іздестіру жұмыстары жалғасуда

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1132
Апат болған мигринттарды іздестіру жұмыстары жалғасуда

 Италия жағалауларында ұшты-күйлі жоғалған жүздеген мигрантты іздестіру шаралары жалғасуда. Елдің премьер-министрі Маттео Ренци шұғыл жиналыс өткізді. Еске салсақ, Жерорта теңізі арқылы Италияға жетпек болған кеме апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 700-ден астам адам болған. Тек отызы аман қалды. Қалғандары ізім- ғайым жоқ. Дәл осындай жағдай 15- сәуірде де тіркелді. Ол кезде кемеде 500-дей адам болыпты. Олардың 144-і ғана құтқарылды. Еуропалық Одақ Солтүстік Африкадан Еуропаға заңсыз жер аударып жатқандарға қалайша тосқауыл қоярын  білмей дал. Маттео Ренци Еуроодақ елдерімен шұғыл түрде саммит өткізудің маңыздылығын айтуда.

Маттео Ренци, Италия премьер министрі:

Бұл жай ғана көрсеткіш емес. Олардың отбасылары бұл қайғы жайында әлі бейхабар. Бұл саяси маңызы бар мәселеге айналды. Біз заңсыз миграцияға тосқауыл қоюымыз қажет.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА