Еуропалық Одақтың 19 жеке және 9 заңды тұлғаға қарсы енгізген санкциялары Минск
келісімдеріне қарамастан, жоспарланғандай 16-шы ақпанда күшіне енеді. Айта кетерлігі
бұл тізімнің ішінде Ресей азаматтары да бар.
Германия канцлері Ангела Меркель
Минсктен тікелей барған Еуропалық Одақтың Брюсселдегі саммитінде осындай мәлімдеме
жасады. Меркель, Ресейге қарсы өзге де шектеулердің енгізілу мүмкіндігін жоққа
шығармайды.
Берлиннің бұл ұстанымын АҚШ пен Франция да құптап отырғанын айтқан.
Соңғы екі мемлекет, Минск келісімдері сақталмаған күнде, Мәскеуге қарсы жаңа
санкциялар енгізуге әзір екендігін білдірді.
Мәселен, Франсуа Олланд Ресейге «Мистраль» тік ұшақ тасығышын Минск құжатының барлық шарттары орындалған
жағдайда ғана берілетінін мәлімдеген. Егер де
барлығы біз күткендей жақсы аяқталса, жаңа келісімдердің орындалуын қуана қабылдаймыз.
Ал қиындықтар туындап жатса, санкция салу әрі қарай жалғасуы мүмкін.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ