$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Петропавлдық супермаркеттер отандық тауар өндірушілерді қолдай бастады

AstanaTV
13.02.2015ж. 20:00
934
Петропавлдық супермаркеттер отандық тауар өндірушілерді қолдай бастады

Петропавлдағы бірқатар дүкен иелері қазақстандық тауарларды саудалауға басымдық бермек. Елбасының отандық өнім өндірушілерді қолдау туралы тапсырмасынан соң, өз өнімдеріміз ірі дүкендердің сөрелерінен ойып тұрып орын ала бастады. Тұтынушыға да арзан бағамен ұсынылып жатыр. Аймақта өндірілген сұйық май, жұмыртқа мен сүт өнімдеріне жеке орын қарастырылған. Сондай-ақ, «Қазақстанда шығарылған» деген атпен арнайы сөрелер жасақталып, макарон мен нан-тоқаш өнімдері қойылды.

Кейбір кәсіпкерлер тауар бағасына 5-10 пайыз ғана үстеме қосқан. Олардың айтуынша, отандық кәсіпкерлермен жұмыс істеу ыңғайлы. Себебі тауардың сапалылығына күмән болмайды. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың тағы бір тәсілі ретінде ірі сауда орталықтарында тамақтың дәмін тату шаралары ұйымдастырылмақ.

Елена Матвиенко, супермаркет жүйесінің коммерциялық директоры:

Біз тұрғындарға астың дегустациясын ұсына бастадық. Тамақ әзірлейтін кәсіпорындар дүкендерге келіп, өздерінің жаңа өнімдерін таныстырады. Адамдар тауардың дәмін татып, сол жерде пікір білдіруге мүмкіндік алды. Осының арқасында тұтынушылардың отандық тауар өндірушілерге деген сенімі одан сайын арта түседі.

Абзал ҚҰРМАНКИН