$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Тұңғыш Президент қорының сыйлығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

AstanaTV
13.02.2015ж. 20:00
1366
Тұңғыш Президент қорының сыйлығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

«Астана» арнасындағы тележоба жүргізушісі, жас ақын, жазушы Қалқаман Сарин Тұңғыш Президент, Елбасы қоры сыйлығының жеңімпазы атанды.  Аталмыш марапат мәдениет, ғылым және өнер саласындағы жас дарындарға, оларды ынталандыру мақсатымен жыл сайын табысталады.

Республикалық конкурс 2008 жылдан бастау алған. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 73 номинант қатысты. Алайда конкурстық комиссия олардың тек 19-ын марапатқа лайық деп таныды. Сондай-ақ, жеңімпаздар арасында «Астана Опера», «Қазақфильм» киностудиясы сынды іргелі өнер ошақтарының өкілдері бар. 

Қалқаман Сарин, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

Биыл маған құжаттарыңызды тапсырыңыз деген ұсыныс келіп түсті. Өздері хабарласып, әдебиет, поэзиядағы шығармашылыққа қатысты құжаттарыңызды тапсырыңыз деді. Сондай бүгін қуанышты жағдайға кенеліп тұрмыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА