$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Халықтардың ұлы көші» жаһандық жобасын жүзеге асыру жайы қаралды

AstanaTV
16.02.2015ж. 10:00
2124
 «Халықтардың ұлы көші» жаһандық жобасын жүзеге асыру жайы қаралды

«Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы». Астанадағы ұлттық мұражайда осындай атаумен кеңейтілген отырыс өтті. Онда «Халықтардың ұлы көші» жаһандық жобасын жүзеге асыру жайы қаралды. Алқалы жиын Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы және ЮНЕСКО-ның Іс-қимыл-жоспары аясында ұйымдастырылған.

Кездесуге белгілі мәдениет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысып, жобаның мақсатына тоқталды.  «Халықтардың ұлы көші - біздің тарихымызға дейінгі ежелгі дәуірден бастау алып, бірнеше кезең бойында жүзеге асырылуда.

Көздеген мақсатымыз барша ұлттардың ортақ «бесіктен» шыққанын және аумақтарға кезең-кезеңімен қоныстанғанын көрсету» - дейді Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов, ҚР мәдениет және қоғам қайраткері, түркітанушы:

Африканың экватор белдеуінен жүздеген мың жыл бұрын еңсе көтерген адамзат - ұлт пен ұлысқа бөліне-бөліне - әуелі солтүстік Африка, сосын Жерорта теңізі, Таяу Шығысты жайлап дүниеге таралды. Біздің жобаның мақсаты, адамзаттың жер планетасына орналасу үдерісі мен тарихын, субконтинет аумағын алғаш игеруге келген халықтар мен тайпалардың географиялық шығу тегін зерттеу. Өркениеттер мен мәдениеттер және діндер арасындағы сұхбаттың нығаюуын көрсету.

Жұрағат БАМАН