$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Фаттах ас-Сиси: Мысырлық 21 азаматтың қазасына орай кек қайтарамыз

AstanaTV
16.02.2015ж. 13:00
1235
Фаттах ас-Сиси: Мысырлық 21 азаматтың қазасына орай кек қайтарамыз

Мысыр Президенті Ислам мемлекеті содырлары қолынан қаза тапқан мысырлық христиандар үшін кек қайтаратыны туралы халыққа үндеу тастады. Елде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Онда Президент әлем терристік ұйымдарға бірігіп қарсы тұру керектігін айтты. Елде 7 күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Еске салайық, Ислам мелекеті содырларлы күні бұрын 21 мысырлық христианды жер жастандырды.

Лаңкестік ұйым мысырлықтардың қалай өлтірілгені туралы видеоны интернетке жүктеген. Қаза тапқандар содырлардың қолына Ливия аумағында түскен. Осыған байланысты, Ас-Сиси ел азаматтарына Ливияға шығуға тыйым салды.

Фаттах ас-Сиси, Мысыр президенті:

«Мысыр елі уақыты жеткенде азаптап өлтірілген өз азаматтары үшін кек қайтарады. Мен тиісті органдарға мысырылықтардың Ливияға баруын тоқтату туралы және ондағы отандастарымызды елге қайтару жөнінде тапсырма бердім».

Мөлдір ДЮСЕКИНА