$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бердібек Сапарбаев: ауылдағы кітапханалар мен клубтар жұмысы көңіл көншітерлік емес

AstanaTV
16.02.2015ж. 13:00
1553
Бердібек Сапарбаев: ауылдағы кітапханалар мен клубтар жұмысы көңіл көншітерлік емес

«Ауылдағы кітапханалар мен клубтар жұмысы көңіл көншітпейді». Бүгін Астанада өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер - Министрінің орынбасары:

Өкінішке орай, шынын айту керек кітапханалар, клубтар ауылдық жерлерде дұрыс жұмыс істемейді. Әсіресе, клубтар көбіне жабық тұрады. Әкімнің есебі, тағы да сондай шаралар болатын болса ғана ашылады. Қалған кезде жабық, ауылда кітапхана мен клуб дұрыс жұмыс істемесе мәдениет қайдан дамиды.

Ал, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадада еліміз үшінші орынды иеленсе, Қазақстан «ұлы» елге айналады,-деді. Министр - спортшылардың бұл үмітті ақтайтындарына сенімді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жіті дайындалудамыз. Лицензиямыздың бар екенін мақтанышпен айта аламын. Ендігісі тек мықты дайындық керек. Кеше ғана өткен дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның үшінші орын алуы - бұған дейін болмаған жетістік. Осы қарқынмен спортшыларымыз алға баса берсе, Рио-де-Жайнерода үшінші орынды алуымыз ғажап емес. Бұл - еліміздің ұлы ел екенін баршаға паш етеді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА