$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдайды

AstanaTV
16.02.2015ж. 20:00
1713
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдайды

Еліміздің жетекші бизнес қауымдастығы - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Баршамыз қазір жаһандық экономика тұрақсыздығына куә болып отырмыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2016 жылдарға арналған болжамдарын жақсы деп айта алмаймыз. Президенттің  бастамасымен жүзеге асып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы -  дағдарысқа қарсы шара. Соның арқасында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылады. Шағын және орта бизнеске де қолдау бар. Сондықтан кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясын толықтай қолдаймыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ