$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Футболдан Англия кубогының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

AstanaTV
17.02.2015ж. 10:00
716
Футболдан Англия кубогының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

Футболдан Англия кубогының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды. Аталған жарыстың басты фавориттерінің бірі «Арсенал» командасы жанкүйерлерін қуантты. Бұл сында Арсен Венгердің шәкірттері «Мидлсбро» клубын айналып өтті.

«Эмерейтс» стадионында өткен кездесуді ширақ бастаған «Арсенал» командасы бірінші таймның 27-ші минутында есеп ашты. «Мидлсбро» клубы қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған Жиру командасын алға шығарды.

Бұл голдан кейін шабыттанған алаң иелері араға бір минут салып есепті еселеді. Бұл жолы да Жиру мергендігімен танылды. Қалған уақытта да қарап қалмаған Арсен Венгердің шәкірттері есепті ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Бірақ, Алексис Санчестің соққысын қонақтар қақпашысы қайтара білді. Енді ширек финалда «Арсенал» командасы «Манчестер Юнайтед» клубымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Өз кезегінде Луи Ван Гальдің шәкірттері бұл сында «Престон» футболшыларының алдын орап кетті.

Самат ҚАНАҒАТОВ