$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Соңғы үш жылда Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға өтетін жүк тасымалы 15 есеге өскен

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1043
Соңғы үш жылда Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға өтетін жүк тасымалы 15 есеге өскен

Соңғы үш жылда Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға өтетін жүк тасымалы 15 есеге өскен. 2020 жылға дейін жол салуға бағытталған ірі жобаларға  40 миллиард доллар инвестиция тартылады. Бұл жөнінде «Еуразияны құру: жібек жолының экономикалық белдеуі» конференциясында «Қазақстан Темір жолы» компаниясының президенті Асқар Мамин мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүк тасымалы 15 есеге артқан. Еске салайық, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» идеясын 2013 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары кезінде жариялаған.

Ал 2014-жылы Қытай тарапы құрлық және теңіз арқылы «Жібек жолынж дамыту жобаларына бағытталған 40 млрд долларлық инвестициялық қор құрды.

Асқар Мамин, ««Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ президенті:

Біз бүгінде Хайнань,Цзансу секілді провинциялармен жұмыс істейміз. Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган портында біздің терминалымыз бар. Қос елдің серіктістігі нәтижесінде Ляньюньган портынан Орталық Азияға қатынайтын жүк пойызы сыйымдылығын 100 контейнерге арттырдық. Бұрын мұндай көлемдегі жүк тек теңізде тасымалданатын.

Мөлдір ДЮСЕКИНА