$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Метеорология қызметі: «болжамдар дәлдігі төмендеді», - деп алаңдаулы

AstanaTV
18.02.2015ж. 10:00
1434
Метеорология қызметі: «болжамдар дәлдігі төмендеді», -  деп алаңдаулы

Қытайдың ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, Ресей рублінің құлдырауы ауа-райын нақты болжаудың сапасын төмендетті. Осылайша, Ресейдегі жағдай Қытайдағы ауа-райы болжамының өзгеруіне әкеліп соғуда,-деп хабарлайды «Интерфакс»-MarketWatch-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің ақпарына сәйкес ауа-райын болжау қызметінің жұмысы едәуір сынға алынған. Әлеуметтік желілерде жарияланған тұтынушыларының наразылығын ескере отырып, ұлттық метеорологиялық қызмет өкілдері мән-жайды түсіндірді.

Айтуларынша, Ресей экономикасының әлсіреуі ондағы метеорологиялық зерттеу орталығына кері әсерін тигізді. Қаржыландыру қысқарды. Ал бұл өз кезегінде ауа-райын болжау сапасын түсіріп, жан-жақты зерттеулер жүргізу мүмкіндігін шектейді.

Самат ҚАНАҒАТОВ