$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ресей министрлігі 2015 жылы экономика тығырыққа түсетінін болжады

AstanaTV
18.02.2015ж. 10:00
735
Ресей министрлігі 2015 жылы экономика тығырыққа түсетінін болжады

Ресей экономикасы биыл тығырыққа тірелуі мүмкін. Бұл жөнінде елдің Экономикалық даму министрлігі жариялаған сараптамада жазылғанын Интерфакс агенттігі хабарлайды. Аталған мекеме ивестиция көлемі әжептәуір кемитінін, ақшалай түсімнің азайып, жұмыссыздықтың өсетінін болжайды.

«Инфляция рекордты көрсеткішке жетеді, оған рубльдің 70 пайызға девальвацияға ұшырағаны себеп», - делінген сараптамада. Тұрғындардың ақшалай табысы 6 пайызға кемиді. 


Себебі
: «жалақы көлемі қысқартылып жатыр»,- дейді министрлік мамандары. Салдарынан елде кедейлік деңгейі 12,5 пайызға жетеді. Ал жұмыссыздар саны 434 мың адамға артады деген болжам бар.  

Мөлдір ДЮСЕКИНА