$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Әлемде энергия ресурстарына деген сұраныс 2035 жылға қарай 37%-ға дейін ұлғаюы мүмкін

AstanaTV
18.02.2015ж. 10:00
806
  Әлемде энергия ресурстарына деген сұраныс 2035 жылға қарай 37%-ға дейін ұлғаюы мүмкін

Әлемде энергия ресурстарына деген сұраныс 2035 жылға қарай 37%-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Мұндай болжамды британдық Бритиш Петролиум компаниясының өкілдері жасап отыр.

Мұнай газ концерні сарапшыларының пікірінше, бұған Азия аймағындағы елдердің, әсіресе
, Қытай мен Үндістанның экономикасындағы тұрақты даму әсер етпек,-деп хабарлады ПРАЙМ.

«Мұнай құнының 3 жыл бойы тұрақты әрі жоғары болып келгені алдамшы жағдай еді. Ақыры оның бағасы құлдырап тынды. Өйткені энергия нарығында мұндай шапшаң өзгерістердің болуы қалыпты»,- деді ВР бас экономисті Спенсер Дэйл.

«Әсіресе, табиғи газға деген сұраныс 2035 жылға дейін тым тез өседі». Сарапшылар тарапынан осындай болжам жасалып отыр. Яғни «көгілдір отынға» деген қажеттілік қарқынының артуы пайызға шаққанда жылына 1,9% құрамақ.

Ал Қытай 2035 жылға қарай АҚШ-ты басып озып, әлемдегі мұнайды ең көп тұтынатын елге айналуы мүмкін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА