$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қашаған жобасының операторы NCOC компаниясы, «Астана Экспо-2017» көрмесін қаржыландырады

AstanaTV
18.02.2015ж. 13:00
927
Қашаған жобасының операторы NCOC компаниясы, «Астана Экспо-2017» көрмесін қаржыландырады

Қашаған жобасының операторы NCOC компаниясы «Астана Экспо-2017» көрмесін қаржыландырады. Ал Қазақстан Үкіметі алғыс ретінде алпауыт компанияның бірнеше миллиардтық экологиялық айыппұлын кешіреді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында осындай ақпарат тараған болатын. Біздің аймақтағы тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы NCOC компаниясының баспасөз хатшысына хабарласып, мән-жайды анықтамақ болды.

Алған ресми жауабымыз мынадай:
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Солтүстік Каспий Консорциумы Келісім шарт аясында, соңғы бірнеше жыл бойы қордаланып келген бірқатар өндірістік, қаржылық және экологиялық мәселелерді реттеді.

Алайда, келісім шарт мазмұны құпия - делінген компанияның ресми жауабында. Сондай-ақ, Солтүстік Каспийді игеруші консорциум Маңғыстау және Атырау облыстарындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру ісін жалғастыратынын, сонымен қатар
«Астана ЕХРО-2017» көрмесін қаржыландыруға үлес қосатынын хабарлап отыр.

"Консорциум ҚР заңдары мен халықаралық талаптар мен стандарттарға сай өз міндеттерінің жауапкершілігін растайды
», делінген ресми хатта. Бірақ NCOC компаниясының жауабында «Астана Экспо» көрмесіне нақты қанша қаржы бөлінетіндігі нақтыламады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ