$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Грекияның еуроаймақта қалуына Германия халқының 48% қарсы

AstanaTV
18.02.2015ж. 13:00
957
  Грекияның еуроаймақта қалуына Германия халқының 48% қарсы

Грекия билігі Еуропалық Одақтың бопсалауына көнгісі жоқ. Бұл туралы елдің премьерминистрі Алексис Ципрас мәлімдеді. Рейтерс агенттігі премьердің бұл ұстанымын Грекияның құқық қорғаушылары да құптайды деп жазады.

Жуырда, Германияның Еуропалық орталық банкке Грекияның несиелік бағдарламасын жалғастыруға мүмкін бермейтіндігі жайында белгілі болды. Осылайша Еуропалық банк Грекия банктеріне қаржылай көмек көрсетуде Германияның қатаң қарсылығына тап болып отыр.

Бұл мәселе бойынша нақты шешім бүгін қабылдануы тиіс. Еуропалық орталық банк Грекия үкіметінің қарызын өшіру туралы өтінішін орындамайтыны туралы әлдеқашан мәлімдеген. Германия канцлері Ангела Меркель де қарыздың кешірілуіне үзілді-кесілді қарсы.

Тіпті, Германия халқының 48 пайызы Грекияның еуроаймақтан шыққанын қалап отыр. 1 ақпанда Грекияның қаржы министрі Яннис Варуфакис мемлекет енді несие алмайды деген. Грекия қарыздарын ел экономикасы өркендеген күнде ғана өтеуі мүмкін деді.

Ал халық болса, жаңа үкіметті толықтай қолдайды.

Марина Крисовелони, Тәуелсіз құқық қорғаушы:

Грекия еш ультиматумды қабылдамайды, және бопсалауға көнбейді. Үкімет алдына қойған мақсатына қалай болғанда да жетуге тырысады. Біз шиеленіске бармаймыз, бірақ ондай келісімінің бізге қажеті жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ