Республика
бойынша мәслихат депутаттығына 1050 адам ұсынылды. Олардың 28-ін округтік
сайлау комиссиялары үміткер ретінде тіркеген. Бұл туралы Орталық сайлау
комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді. 1048 кандидат өз-өзін ұсынса, 2
азамат саяси партиялар атынан додаға түскелі отыр.
Олардың
107-і Астана және Алматы қалалары мен
облыстардағы мәслихаттарға, 804-і аудандық мәслихаттарға және 139-ы қалалық
мәслихаттарға ұсынылды. Бесеуі
Қазақстандағы саяси партиялардың мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі
өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.
Белгілі болғандай, кандидаттардың
арасында 16 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің орташа жасы - 41 жас. Ер адамдардың
саны басым, яғни олардың үлесі 66%. 720 кандидаттың жоғары білімі бар. 257- сі
арнаулы орта және 72-сі орта білімді.
Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау
комиссиясының хатшысы:
Қазіргі
сәтте ұсынылған кандидаттардың басым көпшілі Солтүстік Қазақстан, 239 адам,
Қарағанды 197 адам, Шығыс Қазақстан 132 адам және Қостанай 95 адам ұсынылды.
Айта
өтейік, мәслихаттар депутаттығына
кандидаттарды ұсыну 19 ақпанға дейін жалғасады. Ал тіркеу 23 ақпанға дейін
жүргізілмек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА