$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Сарапшы: «Ақ Олимпиаданы қабылдауға Алматының қауқары жетеді»

AstanaTV
19.02.2015ж. 10:00
1059
 Сарапшы: «Ақ Олимпиаданы қабылдауға Алматының қауқары жетеді»

Ақ Олимпиаданың Алатау бөктерінде өтуі де ғажап емес. 2022 жылғы Қысқы ойындарды қабылдауға Алматының қауқары жетеді. Бұл туралы бағалау комиссиясын бастап келген Александр Жуков мәлімдеді.

Халықаралық олимпиада комитетінің мамандары спорт нысандарын жіті тексеріп шықты. Олар Олимпиаданы қабылдау жоспарымен де танысты. Спорт кешендерінің орналасуын, қардың қалыңдығын өзге де көптеген тұстарды тексеруден өткізді.

Сонымен қатар, Алматының экологиялық ахуалы да ескерусіз қалмады. Бағалау комиссиясын бастап келген Ресей Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Александр Жуков толық қорытынды есеп бірінші маусымда даяр болатынын айтты.

Ал, 2022 жылғы жиырма төртінші қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала 31 шілдеде Куала-Лумпур қаласында жабық түрде дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Александр Жуков, ХОК-нің бақылау комиссиясының төрағасы:

Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиада комитетінің Президенті хатты ашып, жеңімпаз қаланы атайды. Ал әзірге, менің қай қала Қысқы олимпиаданы өткізуге лайық екені туралы пікір айтқаным дұрыс болмайды. Бірақ, сапар аясында 2022 жылғы Қысқы ойындарды қабылдауға Алматы қаласының қауқары жетерлік екені көрінді.

Берік ХАСЕНОВ