$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Жасыл ел» жастары кезектен тыс президент сайлауын өткізуді жөн санайды

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
1032
«Жасыл ел» жастары кезектен тыс президент сайлауын өткізуді жөн санайды

«Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын жөн деп білеміз. Бұл - маңызды әрі қажетті іс». Бүгін Астанада «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағының республикалық штабы мүшелері осындай мәлімдеме жасады.

Мерей Ерболұлы, Астана қалалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы филиалының жетекшісі:

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және бүкіл жастар, қоғамдық бірлестіктер, яғни еліміздің барлық жастары, оның ішінде Астана қаласының барлық белсенді жастары бірлесе отырып, осы бастаманы қолдап отырмыз. Себебі бұл бізге өте тиімді. Аумалы-төкпелі заман болып жатқан кезде бірінші біз елбасымызды тағайындап алып, болашаққа ары қарай нық сеніммен қадам басамыз деген ойдамыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ