Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

БҰҰ-ның Украинаға бітімгерлер енгізу шешімі бірнеше айдан кейін іске асуы мүмкін

AstanaTV
20.02.2015ж. 13:00
1382
БҰҰ-ның Украинаға бітімгерлер енгізу шешімі бірнеше айдан кейін іске асуы мүмкін

Біріккен Ұлттар Ұйымының Украинаға бітімгер күштер енгізу шешімі бірнеше айдан кейін іске асуы мүмкін. Алайда бұл процесті жеделдетуге де болады. Бұл туралы Украина президенті әкімшілігінің басшысы Валерий Чалый Киевтегі «Бесінші арнаға» берген сұхбатында мәлімдеді,- деп Рейтерс хабарлады.

Чалыйдың айтуынша, халықарылық миссияның негізгі мақсаты - екі жақтың уақытша соғысты тоқтату шартын қадағалау. Еске салайық, Петр Порошенко 18 ақпанда ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңестеріне украиналық дағдарысты бейбіт түрде реттеу үшін, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық одақтың бітімгерлерін елдің шығысына енгізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Алайда бұл идеяны БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин қолдамады. Ол Порошенконың ұсынысы Минск келісімдеріне қайшы келетіндігін алға тартты.

Петр Порошенко, Украйна президенті:

Біз Украина мен Ресей шекарасы және де Донбаста БҰҰ бітімгерлерін енгізу қажет деп санаймыз. Ресей тарапының бұл операцияға қатыспайтындығын да атап өткім келеді.


Жұрағат БАМАН