$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҚХА кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» да қолдайды

AstanaTV
20.02.2015ж. 20:00
1731
ҚХА кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» да қолдайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы»  да қолдайды. Аталған одақ өкілдері бүгін арнайы үндеу жариялады. Бүгінде еліміздегі іскер әйелдер көп салада белсенді. Одақ өкілдері мұның барлығы Елбасы саясатының арқасы екеніне айрықша тоқталды.

Үндеуде «мемлекет басшысы әйелдердің экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге қатысуын әрдайым қолдайды. Кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалуда» деген жолдар бар.

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» ҚБ төрайымы:

Біз Мемлекет басшысының басқаруымен «Нұрлы жол» бағдарламасында қойылған мақсаттарға жететінімізге зор сенім білдіреміз. «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» 2015 жылы президенттік сайлауды өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырады. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық