$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан автобизнес қауымдастығы президент сайлауын өткізу бастамасына қолдау білдірді

AstanaTV
23.02.2015ж. 13:00
951
 Қазақстан автобизнес қауымдастығы президент сайлауын өткізу бастамасына қолдау білдірді

Қазақстан автобизнес қауымдастығы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Кәсіпкерлер арнайы үндеу жариялады. Олардың айтуынша, елімізде автомобиль саласы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Автоөндіріс өкілдері Президент тарапынан ұдайы қолдау көріп отырғандарын айтады.

Барлық жеңістеріміз бен жетістіктерімізді біз тек бір адаммен яғни, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстырамыз. Біз қазіргі уақытта барлық жауапкершілікпен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын құптайтынымызға сенім білдіреміз.

Айгүл ӘДІПБАЙ