$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Православтар масленица мерекесін тойлады

AstanaTV
23.02.2015ж. 13:00
1182
Православтар масленица мерекесін тойлады

Демалыс күндері Православ дінінің өкілдері қысты шығарып салу рәсімін атап өтті. Өскемендіктер де бұл мейрамды лайықты қарсы алды. Мерекені тойлауға келгендердің барлығы ыстық құймақтан дәм татты.

Әдетте, масленицаға бір апта қалғанда қызу дайындық басталады. Православтарда, егер құймаққа тоймасаң, қыс ұзақ уақыт кетпейді,-деген ырым бар. Осынау мерекеде адамдар бір-біріне деген өкпе-назын кешіріп, жақсы тілектер тілейді.

Бұл күндері қала орталығында қыс мезгілін сомдайтын қуыршақ бейнесі өртелді. Масленицадан кейін православтардың тағы бір діни рәсімі басталып, пасхаға дейін жалғасады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА