$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Оскар» сыйлығы 87-ші рет табысталып жатыр

AstanaTV
23.02.2015ж. 13:00
1389
  «Оскар» сыйлығы 87-ші рет табысталып жатыр

Лос-Анджелесте атақты «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі жүріп жатыр. Биыл Американың киноакадемиясы «костюмдердің үздік дизайны» сыйлығын - «Гранд Будапешт» кейіпкерлерін киіндірген Милена Канонероға табыстады.

Рейтерстің хабарлауынша, «Отель Гранд Будапешт» грим және шаш үлігісі бойынша да үздік фильм ретінде танылды. Оскар Фрэнсис Хэннон мен Марк Кольерге бұйырды. Шетел тіліндегі үздік фильм аталымы бойынша сыйлық польшалық режиссер Павел Павликовскидің "Ида" картинасына бұйырды.

Айгүл Әдепбай