$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
984
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді. Екінші айыпталушы Қайрат Балмағамбетовтің денсаулығы күрт нашарлаған. Бүгін сот отырысына жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер Балмағамбетовтің қан қысымын, жүрек соғысын тексеріп, айыпталушының инфаркт алу қаупі бар екенін мәлімдеді. Жоламановтың адвокаты Жомарт Сармановтың сөзінше, сот процесі екінші айыпталушы толық сауыққанша, жанданбайды. 

Жомарт Сарманов, адвокат:

Келесі сот отырысы алдағы сәрсенбі күні, таңғы сағат 10-ға, белгіленді. Алайда бұл уақыт та нақты емес. Балмағамбетов оған дейін сауығып кетпесе, сот процесі белгісіз мерзімге тағы шегеріледі. Дәрігерлер оған инфаркт алу қаупі бар деген диагноз қойды.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша сот процесі 26 қаңтарда басталды. Істің тағы бір фигуранты - Алматыдағы № 24\58 әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген. Сотта Жоламанов өзін кінәсізбін деп, тағылған айыпты жоққа шығарды. Ал Қайрат Балмағамбетов кінәсін толық мойындап отыр.

Жұрағат БАМАН