$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматылық кәсіпкерлер президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
1258
Алматылық кәсіпкерлер президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды

Алматылық кәсіпкерлер президент сайлауын биыл өткізу бастамасын қолдайды. Бұл туралы бизнесмендер арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері экономикада келеңсіз факторлар қалыптасып отырғанын айтты. Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы ел экономикасына әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан Қазақстанға осындай жағдайдың алдын алу шараларын қабылдау өте маңызды болып тұр. Кәсіпкерлер пікірі осыған саяды. «Ал оның тұрақты шешімі «Нұрлы жол» бағдарламасы»,- дейді кәсіпкерлер қауымдастығының директоры. 

Саниям Палтушева, Алматы қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры:

Алматы қаласы кәсіпкерлер ассоциациясы 1998 жылдан бері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын қолдап келе жатыр. Бүгінгі күнде де Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің бұл ұсынысын қолдап, ассоциацияның барлық мүшелері қолдап, қуаттайды. 

Берік ХАСЕНОВ