$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден соң ауруханаға түскендер саны 59 адамға жетті

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
865
Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден соң ауруханаға түскендер саны 59 адамға жетті

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден соң ауруханаға түскендер саны 59 адамға жетті. Бір жасөспірім әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдайдың жалғасып жатқанына екі аптаға жуықтады. 

Екпе жасалған жеткіншектер бастары ауырып, денелері құрысып, әлсіздік пайда болғанын айтып шағымданған. Екпенің кері әсерін алғашқы болып жаңаөзендік оқушылар мен студенттер сезінді. Дәрігерлер науқастардың жақындарын сабырға шақыруда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисеннің айтуынша, науқастар облыстық аурухана мен Жаңаөзен және Бейнеудегі клиникаларға жатқызылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе 2 наурызға дейін тоқтатылды. Яғни осы уақыт аралығында тергеу амалдары жүргізіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық сараптама орталығы зерттеу жасамақ. Өйткені бұған ұқсас жағдайлар Теміртауда да тіркелді. 

Мансұр ЕСҚОЖИН