$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қарағанды облысында заңсыз киік аулағандар ұсталды

AstanaTV
24.02.2015ж. 10:00
1756
Қарағанды облысында заңсыз киік аулағандар ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушылар ұсталды. 9 бірдей киікті жайратып салған браконьерлер Ұлытау ауданында қолға түсті. Олар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД өкілдері айтты. Аңшылар табиғатты қорғау полицейлерінің арнайы рейді барысында құрықталды. Табиғатты қорғау прокуратурасының бастығы Болат Тәкішовтің айтуынша, күдіктілерден бауыздалған 9 киік тәркіленген.

Қолға түскен топтың құрамындағы үш күдікті Қызылорда облысынан Ұлытау ауданына аң аулау үшін арнайы келген екен. Көліктерін тексеру барысында, оқ-дәрілер, тіпті, еш жерде тіркелмеген мылтық табылды.

Қазіргі таңда күдіктілердің басқа да аң аулау деректеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Болат Тәкішев, Қарағанды облысы ІІД Табиғатты қорғау прокуратурасының бастығы:

Қарағанды облысы ІІД Табиғатты қорғау қызметкерлері кезекті іздестіру іс -шараларын өткізу барысында, облыс территориясынан заңсыз аң аулаушыларды ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айжан ҚУАШ