Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Автобекеттерде тексеру күшейді

AstanaTV
24.02.2015ж. 10:00
727
Автобекеттерде тексеру күшейді

Кешелі-бері Орал қаласындағы автобекетте жолаушылар мен олардың қол жүгі жаппай тексерілуде. Бұл жұмысты автобекеттің қауіпсіздік қызметі жүзеге асыруда. Алғашқы күні-ақ осында келген азаматтардың бірінен пышақ табылыпты.

Тапа-тал түсте қалтасында суық қару ұстап жүрген жігіттің ісімен енді полиция айналысады. Дегенмен, жолаушылар жоқ жерден қойын-қонышын тінтіп, өздерін мазалағандарды жақтырта қоймады.

Біздің қауіпсіздігіміз үшін мұндай тексеру керек-ақ. Тек тексерген кезде қолымыздағы заттарды қоятын жер жоқ. Әрі қарбалас кезде кезек күтіп қаламыз. Сапарға асыққандарды жолынан қалдырмас үшін алдын-ала тексеріп, жүріске кедергі жасамаса екен.

Бұл тексеруге ел үкіметінің өткен жылғы қаулысы себеп болыпты. Нақтырақ айтсақ, «Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына тексеруді жүргізу қағидалары мен қойылатын талаптарды бекіту туралы» 16-шы қазандағы қаулы.

Бірақ автобекет өкілдері бұл қаулыны сол кезде орындауға қаражат таппағандарын айтады. Қазір жергілікті әуежай мен темір жол вокзалының кіре берісіне тыйым салынған заттарды анықтайтын арнайы құрылғылар орнатқан.

Зинаида Самаркина, «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС аға диспетчері:

Бізде осыған дейін бір азамат «автобекетті жарып жіберем» деп қорқытқан. Ал мұндай келеңсіздік басқалардың мазасын алатыны анық. Егер автобекеттегі жағдай қауіпсіз болса, біз де алаңсыз жұмыс істейміз. Жолаушылардың да мазасы қашпайды.

Еркін КАРИН



    

Алдыңғы жаңалық