Астанадағы Ресей Ғылым мен мәдениет орталығында Мемлекеттік күзет қызметі президенттік үрмелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Шара Ресей елшілігінің бастамасы бойынша, Ресейдегі Отан қорғаушылар күніне арналды.
Бұл концерт- екі ел арасындағы достықтың дәлелі. Әрі мереке қарсаңында қазақстандықтар атынан сыйлық болды,- дейді ұйымдастырушылар. Үрмелі аспаптар оркестрі ауқымды шығармашылық ұжым.
Оркестрдің репертуары да аса бай. Кеште әскери әндер, сондай-ақ қазақ композиторларының туындылары орындалды. Әсіресе, «Қазақ елі», «Будапешт», секілді тамаша шығармаларды жиналғандар сүйсіне тыңдады.
Талғат Бердіғұлов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестрінің жетекшісі:
Бүгін үрлемелі аспап оркестрі марш ойнайды, вальс ойнайды. Тек қана ондай емес, біз бүгін популярлық, классикалық, халық музыкаларын орындаймыз.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА