$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

AstanaTV
24.02.2015ж. 20:00
1132
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Елімізде діни-экстремистік, террористік, сондай-ақ жаһандық және өңірлік үдерістерден туындаған экономикалық сипаттағы қауіп-қатерлер сақталып отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы осы жайды ескертті.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2014 жылғы жүзеге асырылу барысы, елдің Қарулы Күштерін нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ биылғы жылға арналған маңызды міндеттер белгіленді.

Атап айтсақ, мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимылын жетілдіру, халықтың экстремистік идеологияға қарсы иммунитетін күшейту мәселелері сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға ішкі және сыртқы нарықтағы экономикалық ахуалды үнемі сараптап, қажет болған жағдайда, шара қабылдауға дайын болу қажеттігін тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл бізге төніп тұрған мәселелер аз емес. Жағдай оңай емес, Қазақстанның экономикасына ықпалын тигізетін мәселелер дүниеде де, біздің төңірегімізде де бар. Ресей мен Батыстың арасындағы келіспеушілік ол да бар, экстремистік, террористік мәселелер бізге жақындап, ықпалын тигізіп тұрғаны - ол да бар. Сондықтан осы мәселелердің барлығын біз бүгін талқылап, сіздердің пікірлеріңізді біліп, тиісінше шешім қабылдауымыз керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ